Денсаулық жағдайы бойынша үйде оқу туралы өтініш беру

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру туралы электрондық өтінішті беру

Өтінішті қалай беруге болады? Қарау
Өтінішті қалай беруге болады?

Электрондық өтінішті "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы немесе SAKURA АЖ арқылы бере аласыз

Өтінішті кім бере алады?

Өтінішті баланың ата-анасы немесе заңды өкілдері ғана бере алады

Өтініш қалай және қай мерзімде тіркеуден өтеді?

Екі жұмыс күні ішінде, тіркеуге өтініш берген мектеппен

Қызметті қалай алуға болады?

Қызмет "электрондық үкіметтің" веб-порталы (www.egov.kz) арқылы және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде көрсетіледі (электрондық не қағаз түрінде, таңдауға болады).

Қызметті қағаз түрінде алу үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жеке жолығу керек. Осы интернет-портал дәл сол кеңсенің өкілдігі болып табылады. Сондықтан аталған портал арқылы берілген өтініш қағаз түрінде берілген өтінішпен бірдей

Баланың заңды өкілі деген кім?

Баланың заңды өкілі – бұл ата-ана, немесе баланың мүдделерін білдіруге ресми (яғни, құжат түрінде) уәкіл етілген тұлға (асырап алушылар, қамқоршылар, қорғаншылар)

Шетелдік балаға өтінішті қалай беруге болады?

Баланың азаматтығы және оның туған жері маңызды емес. Кез келген бала білім беру ұйымына жазылуы мүмкін. Егер заңды өкілінің ЖСН болса, барлық балалар үшін рәсімдер бірдей

ЕГЕР ЖАЗЫЛА АЛМАСАҢЫЗ, НЕ ІСТЕУГЕ БОЛАДЫ? Қарау
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін қандай негіздер бар?

Көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес тізбесін және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама береді

Заңсыз бас тартылған жағдайда, қайда жолығуға болады?

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін

Тағы нені білу керек? Қарау
Өтініштің тіркеуге түскенін қалай түсінуге болады?

Электрондық өтінішті беру кезінде көрсетілген мобильді телефон нөміріне SMS хабарлама түседі немесе сіз мәртебесін жеке кабинет арқылы тексере аласыз

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің паспорты
Көрсетілетін қызметтің атауы

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау

Көрсетілетін қызметті беруші

Мемлекеттік қызмет бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарымен көрсетіледі

Көрсетілетін қызметті алушы

Жеке тұлғалар (баланың ата-аналары немесе басқа заңды өкілдері)

Қызмет қайда көрсетіледі
  • 1 "Электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы: www.egov.kz
  • 2 көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы (электрондық не қағаз түрінде, таңдауға болады)

Көрсетілетін қызметті қағаз түрінде алу үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне тікелей жолығу керек. Осы интернет-портал дәл сол кеңсенің өкілдігі болып табылады. Сондықтан аталған портал арқылы берілген өтініш қағаз түрінде берілген өтінішпен бірдей

Қызметті көрсету нәтижесі

Құжаттарды қабылдау туралы қолхатты беру және үйде жеке тегін оқытуға қабылдау туралы бұйрықты шығару

Қызметті көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы жолыққан кезде - 2 жұмыс күні

Көрсетілетін қызметтің құны

Тегін

Нормативтік актілер

Көрсетілетін қызмет көптеген нормативтік құжаттармен реттеледі, олар https://adilet.zan.kz сайтында қолжетімді

ТАЛАП ЕТІЛЕТІН ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ

Осы интернет-портал арқылы электрондық өтініш беру үшін:

  1. баланың туу туралы куәлігінің скан-көшірмесі (егер ол Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған болса);
  2. үйде оқыту жөніндегі ұсыныспен дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысының скан-көшірмесі

Өтініш беру үшін заңды өкіл бірнеше қадамнан өтуге және мынадай ақпаратты ұсынуға тиіс:

Қадам 1
екі мобильді телефон нөмірін көрсету;
Қадам 2
бала және оның заңды өкілі туралы мәліметтерді көрсету;
Қадам 3
электрондық хабарламалардың өлшемшарттарын ретке келтіру;
Қадам 4
жасалған өтінішті тексеру және оны тіркеуге жіберу.
Өтінішті жіберген соң оның мәртебесін Жеке кабинет арқылы қарауға болады
Күшін жою

Техникалық қолдау қол жетімсіз